Ер адам некелі кезінде де, ажырасқан соң да әйелінің сырын жарияламау керек. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде әйелдердің сырын жариялауға қатысты ауыр азап бар екендігі ескертілген.
Риуаят бойынша күндердің бір күнінде тақуа кісі әйелімен ажырасатын болады.
Сонда көпшілік тақуадан «Жұбайыңыздың қандай іс әрекетіне көңіліңіз толмай жүр?» деп сұрайды.
Ол: «Ақылды адам өз әйелінің абыройын түсірмейді» деп қоя салады.
Талақ етіп жібергеннен кейін «Енді не үшін ажырастыңыз?» дегендерге: «Бөтен әйелде не жұмысым бар?» – деп жауап берген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ