Ақпараттық хабарлама
«Қазислам» ақпараттық-ағартушылық порталына 2019 жылдың қыркүйек айында 440 материал жарияланды.
Олардың қатарында 325 жаңалық, 49 мақала мен 20-дан астам сұрақ-жауап, 10 сұхбат, 8 видео мен 10 астам кітаптар бар.
Сайт редакторы Тұрар Түгелұлының «Радикал шәкірт қайдан шығады?» атты мақаласы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түссе, «Сұхбат» айдарында Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев портал редакторы Ермұрат Назарұлының Сириядан оралған әйелдердің бүгінгі жай-күйіне қатысты сауалдарына тұшымды жауап берген.
Ал Шырақ Байкенованың «ТОП-5 исторических мечетей Казахстана» атты танымдық мақаласында еліміздегі 5 тарихи мешіт туралы мәлімет пен сурет ұсынылса, Мирас Қайдардың «Отношение государства и религии в Казахстане: 5 фактов» мақаласында «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңды ашып түсіндірген. Самет Оқанұлының «Діни тыйымдардың мәні неде?» мақаласы осы айда көп оқылған материалдардың қатарында.
Порталдың төрт бірдей сарапшысы дайындаған «Сұрақ-жауап» айдарының материалдары да оқырмандар үшін пайдалы болды деген сенімдеміз. Сұрақтардың ішінде тікелей оқырмандардан келген сауалдар көп болды.
Мәселен, «Ауруханада жатқан адам намазын қалай өтейді?», «Сапар айында қиылған неке сәтсіздікке ұшырай ма?», «Жаназа оқылғанға дейін неге Құран бағышталмайды?», «Бала тууды жоспарлауға бола ма?», «Дін адамдарының арасында қызғаншақтық бар ма?» сынды сұрақтар сайтқа және порталдың әлеуметтік желідегі парақшаларына келіп түскен болатын.
Порталымызда ең көп оқылған материалдардың арасында ғибратты әңгімелер үнемі көш басында жүреді. Мәселен, Руслан Қамбардың «Ақылды әйел жазушыға не ұсынды?», «Досыңа достық – қарыз іс», Жалғас Асхатұлының «Екі кедей көршінің сыйластығы», «Рамазан әл-Бутиге әкесінің айтқан өсиеті» секілді әңгімелер көпшіліктің көңілінен шыққаны анық.
Сайтқа қыркүйек айында ұзын саны 25607 оқырман кірді, олар 66 000 мыңан астам материалдармен танысқан!