Соңғы он бес жыл бойы катарактадан көзі көрмей қалған 75- жастағы атам маған бірде былай деді:
«Сенің әжең жер бетіндегі ең ғажап жан, иә?»
Мен бір сәтке ойланып қалдым да, былай деп жауап бердім:
«Иә, ол сондай. Ата, саған оның сұлулығы жетіспей тұратын шығар. Сен оны көзбен көре де алмайсың ғой».
«Жарығым-ау, – деді маған атам, – шынымды айтсам қазір әжеңді жас кезімдегіден гөрі анығырақ көрем».