ҚР АҚДМ дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Әзербайжан Республикасының Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мүбариз Гурбанлымен кездесіп, Діни қызметті реттеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында Е. Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі туралы айтып, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мубариз Гурбанлы Әзербайжандағы қазіргі діни ахуал және діни білім беру жөніндегі мемлекеттік комитеттің жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанның діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу тәжірибесіне қызығушылық танытты.