Жыл басынан бері Әзербайжан халқының саны 12 801 адамға немесе 0,1 пайызға өсіп, 1 мамыр күні 10 193 571 адамды құрады. Бұл туралы елдің Мемлекеттік статистика комитеті мәлімдеді.
Халықтың 54,5 пайызын қалалықтар, 45,5 пайызын ауыл тұрғындары құрайды. Ерлер – 49,8 пайыз, әйелдер – 50,2 пайыз.