Құран сүрелерін айтып, Алланың 99 көркем есімдерін жатқа білетін қазақстандық Фатима есімді қуыршақ сатылымға шықты.
“Фатима үйретуші қуыршағын қолға алғаныма бір жыл болды. Пайдалы іспен айналысқым келді. Бірде ғаламтордан ағылшын тілінде білім беретін үйретуші қуыршақтарды көрдім. Мұндай сөйлейтін, ән айтып, би билейтін қуыршақтар орыстарда да бар. Қазақ тілінде осындай бір дүние жасағым келді.” – дейді кәсіпкер Бағдат Тоқтарбеков.
Қуыршақ «Раббың кім?», «дінің қайсы?», «кітабың қандай?» деген басты сұрақтарына жауап беріп, Алланың 99 көркем есімдерін жаттауға көмектеседі. Сондай-ақ, қуыршақ намазда оқылатын негізгі сүрелерді үйретеді және Аллаға мадақ сөздерді және олардың мағынасын түсіндіреді.
Бағасы: Қуыршақтардың бағасы 10800 теңгеден басталады.
Қайдан алуға болады: Іnstagram, Facebook желілері арқылы, muslimdolls.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады.