2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 739,0 мың адамды (42,4%) құрады. 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3% өскен. Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда туғандар саны 159,9 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15 туғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8% көбейіп, 103,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 56,4 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 366 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,6% көбейді.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-мамырда 637 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,6% құрады. Туа біткен ауытқулардан 283 немесе 20,7%, тыныс органдары ауруларынан – 113 немесе 8,3%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 70 нәресте немесе 5,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 63 немесе 4,6% нәресте қайтыс болды.
2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,54 құрады.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 25,6% кеміп, 5 359 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 17,3% көбейіп, 12 874 адам құрады, көші-қонның айырымы -7 515 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.
- ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,3%;
- ТМД елдерге кеткендердің үлесі 88,8% құрады.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 31,5% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:
- Шымкент қаласы – 40 622 адам;
- Алматы қаласы – 14 185 адам;
- Астана қаласы – 4 898 адам;
- Ақмола облысы – 25 адам қалыптасты.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.