Ырым-тыйымдар – тәрбиенің қайнар көзіне айналған киелі ұғым. Алайда, уақыт өте келе өзгеріске ұшырап, түпкі мағынасынан айырылғандары да бар. Ал қазақ дәстүрімен ұштасып бүгінгі күнге дейін жеткендерін дінге қайшы көретін жат ағым өкілдері толығымен жоққа шығарғысы келеді. Бұл тарихқа үңілмеген, салт-дәстүрді бойына сіңірмеген адамға тән құбылыс.