Сұрақ: Ауыртпашылықтан қашып қоғамнан оқшауланып жалғыз өмір сүргім келеді. Осы дұрыс па?
Жауап: Ауыртпашылық пен қиыншылықтан кұтылу мақсатымен адамнан, қоғамнан ұзақтап жалғыздыққа бас ұруды дініміз жөн көрмеген. Бұл оның жақындарынан, ортасынан және Отанына деген жауапкершіліктен бас тартуы деп саналады. Мұсылман адам қандай қиыншылықтарға тап болса да, өзіне жүктелген жанұясының, қоғам алдындағы міндеттерін тоқтатпай, жақсылыққа үндеуі жамандықтан тыйуы секілді парыздарынан бас тартпауы қажет. Алла Елшісі де «халық арасында жүріп, олардың көрсеткен азаптарына шыдауы, түк халықпен ісі болмай ұзақтан олардың зардаптарына көне алмай шыдамсыздық танытқан адамнан әлде қайда сауабы мол болады» – деп, біздерге жол көрсетіп кеткен.
Бұдан әрбір мұсылман пенде қандай да бір қиыншылықтар, қандай да бір сынақ келген кезде, өзіне дүниелік не ахыреттік сабақ боларлық мағыналы бір ой түйіндеуі абзал. Бастарынан өткен ауыр жағдайлар өздерінен кеткен қателіктерден немесе ұқыпсыздықтарынан, жауапсыздықтарынан туындаған болса, келешекте қауіп қатердің барлық түрлерінен сақ болу үшін міндетті түрде, барлық іске жауапты болғанымыз дұрыс
Қазіргі уақытта белең алған әртүрлі індеттер, жол апаттары, жер сілкіністер, сел көшкіндері секілді зардаптардың көп қайталануы, тағы осы секілді барлық қиындықтан насихат алып, рухани азық жинаған адам баласы өмірде күтпеген кезде, күтпеген уақытта болатын сынақтарға рухани түрде де, психологиялық түрде де дайын тұрады. Тақырыпты түйіндейтін болсақ, адам өзінің қаншалықты әлсіз, өмірі қысқа екенін, дүние мен дүниелік қызықтардың өткінші және түкке тұрмайтынын түсініп, ескере отырып өмір сүруі қажет. Қиыншылықтармен сыналған мұсылман жандар сыналған сайын сабыры мен иманы нығая түсер.
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мұсылманның қандайда бір ісі таңқаларлық. Қандай іс болмасын ол өзіне жақсылық деп біледі. Егер басына бір жақсылық келгенде, Аллаға шүкір етеді. Сол шүкір еткені үшін оған Алладан жақсылық болады. Ал егер қиындыққа ұшыраса, сабыр ете біледі. Сол сабыр еткені үшін ,оған Алладан жақсылық болады» – деп бұйырады.
Иман еткен, тәуекелшіл жан қиындықтарға қарсы барлық сенім күштерін жігерлендіру арқылы оңай өткізеді. Нағыз мүмин адам берілген нығметтеріне шүкір еткен және қиындықтарда сабырлы болған адам. Мұндай жанның пәк ниеттімен шексіз Алла ризалығы үшін жасаған амалдарында игілік пен мол сауап бар.
Пайдалы ақпарат үшін рақмет. Алла разы болсын! Өте пайдалы жазба