Астана қаласында «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға жол» атты Қазақстанның V Республикалық ауылдық әйелдер форумы өтті.
Форум аясында «Жастар көшбасшысы», «Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі», «Ауылдық үкіметтік емес ұйымның өкілі» номинациялары бойынша ауылдың қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлінің атынан Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысушыларына алғыс хаттар табыс етілді.
Форум әлеуметтік, қоғамдық және кәсіпкерлік белсенділікті, әйелдердің уәждемесін күшейтуге, оларды «жасыл» технологиялар мен тәжірибелерді игеру арқылы «жасыл» экономикаға тартуға ықпал ететін болады.