ҚМДБ «Уақып» қорының Өскемен аймағы өкілдігі мен Шығыс Қазақстан облысына қарасты Таврия ауылының тұрғындары бірігіп, мешіт құрылысын бастады.
Бұған дейін Өскемен аймағы бойынша «Уақып» өкілі мешіт салу бойынша демеушілермен келіссөздер жүргізген болатын. Соның нәтижесінде 1 метр іргетасы көтеріліп, мешіт құрылысы басталды.
Мешіт салу – сауабы үзілмейтін уақып амалына жататын игі іс. Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы бір өлеңінде былай дейді:
«Жарар еді ортада мешіт салсақ,
Қаза қылмай намазды барып тұрсақ,
Бір ғалымды фазыл заттан имам сайлап,
Байларымыз жиналып уақып қылсақ»…
Алла Тағала мешіт салушылардың ниетін қабыл етсін!