Сұрақ: Ақыл-есі дұрыс, бірақ намазға денсаулығы жарамайтын науқас адам намазын қалай өтейді?
Жауап: Таза жер тауып, намазын тұрып оқиды. Егер тұрып намаз оқи алмаса, онда отырып оқиды. Отырған күйде қолдарын байлап, кәдімгі намаздағы тәртіппен аяттарды оқиды. Тізесіне таянып, сәл иіліп, рукуғ жасайды. Сәждеге келгенде әдеттегі сияқты мұрнын, маңдайын тигізіп сәжде жасайды.
Отыруға шамасы жетіп, бірақ, иіліп, рукуғ пен сәжде жасауға шамасы келмесе, отырған хәлде рукуғ және сәждені ишарамен жасайды. Рукуғ үшін орташа иіліп, ал сәждені қаттырақ иілу арқылы жасады.
Ал енді отыруға шамасы келмесе, аяқтарын құбылаға қаратып созады. Өзі шалқасынан жатады да, рукуғ пен сәждені басымен ишара етіп оқиды. Егер шалқасынан жатып, тіпті басымен ишара жасауға дәрменсіз болса, онда амал жоқ, намаздарын жинайды. Дертінен айыққан уақытта намаздарының қазасын өтейді.
Алла – білушірек.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Ислам діні жеңілдік діні. материал жақсы жазылыпты. Түсінікті жазылыпты.