Әулие ата – қазақ жеріне алғаш дін қазығы қағылған өңір. Өйткені 751 жылы Атлах шайқасынан кейін ислам дінінің таралу дәуірі басталды. Тарихшылардың пікірінше, қазақ жеріндегі ең алғашқы мешіт те Тараз қаласында 932 жылы тұрғызылған. Ал Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының айтуынша, бүгінде бұл өлкеде 340 мешіт жұмыс істеп тұр.