Ауғанстаннан жеткізілген жолаушылар ПТР тестін өткізді ме? Жалпы ауған жерінен қанша адам келді. Бұл сұрақтарға Алматы әкімдігі жауап берді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тамыздың 19 күні Кабулдан 2 рейс ұшып келген. Бірінші рейспен Қазақстанның 26 азаматы келген, оның алтауы бала. Сондай-ақ көрші Қырғыз елінің 15 азаматы ұшып келген, олар әуежайдан бірден еліне аттанған.
27 Қазақстан азаматы «Shera Inn» қонақүйіне орналастырылды. Екінші рейспен БҰҰ-ның 135 дипломатиялық миссиясы келді. Олардың ішінде Ауғанстан азаматтары жоқ. Бұл азаматтар «Rixos» қонақ үйіне орналастырылды,-деп жауап берді әкімдік.
Тамыздың 22 күні қалаға Кабулдан БҰҰ-ның тағы 108 дипломаты жеткізілген. Олар «Интерконтиненталь» қонақүйіне орналстырылған.
Ауғанстаннан келгендердің барлығын Ұлттық сараптама орталығының мамандары коронавирусқа қарсы тексеріп, ПТР тестін алды. Жолаушылардың ешқайсысынан оң нәтиже анықтадмады,-деді әкімдіктегілер.