2018 жылы ауған ұлттық статистикалық қызметінің келтірген дерегі бойынша Ауғанстан халқының саны 31,58 млн адамды құраған екен. Оның ішінде 1,5 млн-ы көшпелі тұрғындар, 30,08 млн-ы – отырықшы (ауылдық жердегісі – 22,57 млн, қалада тұратындары – 34,94 млн адам). Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Ауған аумағында мына ұлт өкілдері өмір сүреді: пуштундар ауған халқының қақ жартысын, яғни, 50%-ын құрайды, яғни, олардың қарасы ауған халқының бестен екісінен көбісін құрап отыр. Хазарлар – ел тұрғындарының санына шаққанда 10%-ды құрайды, яғни, пуштундардан кейінгі саны көп этникалық топ, ауған халқының бестен бірінен көп бөлігін құрап отыр.
Хазарлардың тегі – мұңғұл. Аймақтар немесе шараймактар – саны жағынан төртінші немесе бесінші орында тұрған этникалық топ, яғни, халық санына шаққанда олардың үлесі – шамамен 5 %; иран тілді этникалық топ, жартылай көшпелі халық, Ауған аумағының солтүстік-батысын мекен етеді. Тәжіктер қарасы – 23%; саны жағынан екінші орында тұрған этникалық топ, олардың үлесі ауған тұрғындарының төрттен бірінен асады. Нұрыстандықтар – 0,4 %; кати, ашкун, уайғалы, прасун және трега тілдерінде сөйлесетін туыстық тайпа. Брагулер – 0,5%; драуиттік топқа жатады. Түркімендер – 1,7%; ауған халқының саны жағынан алтыншы орында тұрған түркі тілді этникалық топ.
Негізінен Балқы, Саманған, Бағлан, Құндыз провинцияларында тұрады. Бұлардан бөлек, Кабул мен Гилменд провинцияларында да кездеседі. Өзбектер – 9%; саны жағынан төртінші немесе бесінші этникалық топ, алайда, осы елдегі аса ірі түркі тілде халық. Қырғыздар – 0, 0001%; шамамен 4 мың адамды құрайды, Бадаһшан провинциясындағы таулы өлкеде тұрады. 2003 жылы ауғанстандағы қырғыздар қарасы 1130 адамды құраған, олар бұрынғыша көшпелі өмір салтын ұстанады.