Содырлардың Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласындағы шиіттердің ең үлкен мешітін жарып жіберген сәттің алғашқы кадрлары пайда болды. Жарылыстың салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 63 адам ажал құшқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан қолдарында қарулары бар екі лаңкестің мешітке қарай қалай бет алып бара жатқаны және ғимараттың кіре берісіндегі күзетшілерге оқ атқанын көруге болады. Екінші кадрда мешіт ауласында намаз оқып отырған адамдарды және олардың қаруланған күдіктілерді көргенде бірден қаша бастағаны бейнеленген.