Сейсенбі күні Ауғанстан астанасының орталығында жарылыс болды. Бұл туралы елдегі билікті басып алған «Талибан»* радикалды қозғалысы тағайындаған Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хостиге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Бірнеше минут бұрын Джоушер орамында вазаға жасырылған мина жарылысы болды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп жергілікті Salam Watandar радиостанциясы радикалдар өкілінің сөзін келтіреді.
Кабулда болған оқиғаның басқа мәліметтері әлі келтірілген жоқ.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым
Дереккөз: ctc-rk.kz