Атырау қаласындағы №16 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушылары дін мамандарымен кездесті.
Облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен «Шапағат» қоры ұйымдастырған кездесуде өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында насихат айтты.
«Халқымызда «Өткенді білмей, болашақ жоқ» деген сөз бар. Жас буын ең алдымен халқымыздың тарихымен, жүріп өткен жолымен сусындап өсуі керек. Тамырынан ажырамаған ұрпақ жаһандану дәуіріне жұтылып кетпейді. Ұлттық код дегеніміз не? Ұлттық код дегеніміз – дініміз, тіліміз, салт-дәстүр, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық тәрбие. Сондықтан, осындай нәзік мәселелерге көбірек көңіл бөлу керек» деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.