Бүгін Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы саласындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында Ақмола облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – халықтың мақсатты топтары арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу, діни экстремизм мен терроризм идеяларының және деструктивті жалған діни ағымдардың елімізге тигізетін қауіп-қатерлерін алдын алу, т.б.
Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы Болат Неғметжанұлы жүргізген семинарға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекші сарапшылары Л. Шакимова және Д. Кенжалин қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін мәселелері бойынша РАТТ мүшесі, сарапшы психолог, отставкадағы ҰҚК подполковнигі Лола Сергеевна «ДДА өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Сұрақ-жауап барысында ол өз тәжірибесімен және әдістемелік ұсыныстарымен бөлісті.
«Сана» қоғамдық қорының директоры, теолог Данияр Айтбайұлы «Діни экстремизм және терроризм ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп ретінде» тақырыбында ақпарат берді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, оқыту барысында жұмыста қолдануға арналған оқу құралдары мен брошюралар таратылды.