Жат ағымның жетегіне еріп, ойы мен ұстанымы өзгерген адам өзге адамдардың өзіне айтқан дәйекті ақпаратын қабылдай алмайды. Ол өзінің жаңа таныстарының барлық ережесіне бағынып, жүріс-тұрысына үйреніп, айналасындағы адамдардан оқшаулана бастайды. Санасына сансыз ақпараттарды сіңдіріп, қабылдатудан адам өмірлік бағыт-бағдарынан, ұстанымынан айырылады.
Жат ағым – топтар мен қозғалыстардың көрінісі. Белгілі бір негізгі діни бағыттарға қарағанда олар өздерінің тура жолда екеніне сенімді. Жат ағымдар үшін оның идеялогиялық принциптері, құндылықтары, ұстанымдары және өз рөлінің ерекшелігі туралы пікірі жоғары тұрады. Ұйымдардың топтағы өз мүшелеріне манипуляция жасауда және өз мүдделерін жүзеге асыруда оларға әдіс- тәсілдерді шексіз қолданады. Топта өз мүшелерінің жүріс-тұрысын, ойларын және эмоцияларын елеулі деңгейде қадағалап отырады. Бұл ұйым жаңадан келген адамды кез-келген бұйрықтарын орындайтындай деңгейге жеткізеді және діни ағымдардың өз әрекеттеріндегі келеңсіз істерге бағыттайды. Қауым мүшелеріне өздерінен бөлек жүрген адамдармен қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Көшеде, мешіттерде қарапайым адамдарды өздеріне тартып, оларға ақысыз түрде сабақ оқыту курстарын ұйымдастырып сенімге кіреді. «Қайырымдылық акциясы» деп өз мүшелерінен ақша жинап алады. Деструктивті топ тұлғаға, отбасына, қоғамға мемлекетке зиянын келтіреді және адам санасын улайды. Діни ағымдарға тән ерекшеліктер – құпиялылық.
Құпиялылық – түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру, ішкі өз мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы ережелерінің болуы, діни ағым мүшелерінің басқа ақпараттарды алуына мүмкіндік бермей, барынша шектеп ұстауы. Дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарының мәтінін өз сенімдеріне сәйкес бұрмалап түсіндіріп, жаңылыстыру.
Ықпал ету әдістерін 2 түрлі бөліп қарауға болады: Адамды оның саналы түрдегі келісімінсіз «негізгі шындықтан» «жасанды шындыққа» ауыстыру. «Негізгі шындықты» топ жарғысының негізінде жасалған «шындықпен» алмастыру. Деструктивті діни ағым ерекшелігі «харизматикалық» лидерлікке ұмтылуы (бұл жерде «харизма» – жоғарыдан берілген шабыт, яғни құдайлық немесе ерекше ақылды жариялау және мінсіз келісу мен жоғары билікке мойынсынуды талап етуі). Жасырын, кенеттен пайда болатын бұл әсер етудің жүйелік және ұйымдастыру құрылымы жоқ, жабық әсер ету жүйесі жоқ манипуляция. Ол сыртқы критикамен және кері байланыспен ұштасып, позитивті мақсаттарға негізделген.
Топтық менталитетті құру үшін сананы қадағалау техникаларын қолдануда жалған түсініктер қалыптасқаннан кейін топтың идеялары жеке тұлға идеяларынан жоғары қойылады. Адам сол идеяларды жүзеге асырып, өз ісін жақсы деп түсіне бастайды. Топқа қабылданған адам үнемі осы топқа жаңа адамдарды тартуы міндет болып саналады. Сонымен қатар, олардың ерекшеліктері осы топ элитасының саяси және қаржылық қызығушылығы, мемлекеттік билік органдарына енуге ұмтылуы «Негізгі ұғымдар» сөздігінің болуы, тек қана топ мүшелеріне ғана түсінікті сөздіктің болуы. Топ лидерлері кім тілді қадағаласа, сол адамды да қадағалай алатынын жақсы түсінеді. Сол себепті қатаң қадағаланатын жүйенің болуын назарда ұстайды. Жаңадан келген адам үнемі екі тәжірибелі топ мүшелерінің қадағалауында болады, олар өз жағынан бұл адаммен бар күшін салып қарым-қатынас құруға ұмтылуға міндетті. Топтық қысым және «махаббатпен атқылау» арқылы, дәл осы адамды барлығы күтіп отырғанын сездіру, яғни оның топ үшін ерекше маңызды адам екендігі туралы түсінікті қалыптастыру. Ал егер адамда сондай түсінік қалыптасса, ол топқа келгенде өзін жанына жайлы, комфортты сезінеді және келе бергісі келеді. Жаңадан келген адам бір сәтке де бақылаудан шықпайды.
Осыдан кейін топ мүшелері шынайы өмір мен топтың беретін ақпаратын салыстыруға мүмкүндік бермеуді қамтамассыз етеді. Ойды сараптауды тоқтататып, жаңадан келген адамды қайталанбалы әрекеттерге жаттықтыра бастайды. Осы жаттығуларды үнемі пайдаланғаннан адамда жоғары сенгіштік қалпы пайда болады. Қорқынышта ұстап, кінә тағу арқылы адамның әлсіз және сезімтал жақтарын тауып, соған әсер ету үшін олар жақын қатынас құрып, құпияларын анықтауды да іске асыра бастайды.Топқа келген адамның ұйқысын қадағалап, жаттығулар мен жоспарды сылтау етіп, адамға тыным бермеуде ойлаған ісін жүзеге асыру оң нәтиже береді.
Азықтануын қадағалап, денсаулықты жақсартуға арналған немесе «Рухани өсуді жақсартады» деген желеумен арнайы әдебиеттер оқытуы, сенсорлық салмақ салу (ерекше сезімталдық) жаңа ережелерді қабылдатқан соң, тұлға бойындағы құндылықтар жүйесі толығымен өзгереді де, аз уақытта көлемді ақпаратты қабылдағаннан, оны саралауға мүмкіндігі болмай, адам топтың ережелерін автоматты түрде орындай бастайды. Сананы қадағалау негізі төрт салада жүзеге асады. Іс-әрекетін қадағалап, болып жатқан құбылыстарды сынай ойлауға уақыт болмасын деп адамның өмірін толық қадағалауға бағытталған міндеттер мен тыйым салулар жүйесіне үйретеді. Адам топтың таңертеннен кешке дейін апта бойы топқа қатысты жұмыстарды орындаумен болатыны, адамды бір жақты өз-өзін ұстауға мәжбүрлегенде, адамның миы осы әрекеттерді ақтау амалдарын іздей бастайды. Эмоцияларды қадағалауда әсіресе тұлғаның бей санасына әсер ету, оқшаулануға мүмкіндік бермеу арқылы, эмоциясын қадағалау жүзеге асырылады. Бұл әсіресе тұлғаның бей санасына әсер ету. Ақпаратты қадағалау, сыртқы әсерлерден шектеу, БАҚ, түрлі әдебиеттер, топтан бөлек қарым-қатынастарға тыйым салынады. Бүкіл әлем қара әрі ақ түрде түсіндіріледі: Әлемді жойылу үстінде, тек қана бізге құтқару жолын табу бұйырған деген жаңсақ ойлардың шырмауына түседі. Адамның ойды қадағалау арқылы топ мүшелері және лидер туралы кез-келген сын мен пікірлерге тыйым салынады. Сонымен қатар, басқа діңдерге қатысты негативті қарсы жаңсақ түсініктер қалыптастырылады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, зайырлы мемлекет атанғаннан кейін дін ұстанам деген адамға еркіндік берілген. Міне, содан бері көптеген діни бірлестіктер мен ұйымдар құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады. Бірақ, елімізге етене еніп, тамырын жайып алған ұйымдар артынан пиғылы теріс, ағымы жат болып шығып, бүліктер мен дау-дамайлар тудырып, ел арасына іріткі салу жағдайлары толастар емес. Осындай топтардың торына түсіп қалмас үшін, баланы жас күнінен дәстүрлі дінмен сауат аштырып, тура жолға бағыттау ата-ананың міндеті. Әлеуметтік желіде немесе көшеде діни теріс ағымды ұстанушылармен танысудың ақыры – адасушылыққа апарып соғатыны белгілі.
Қорыта айтқанда, еліміздің ақпараттық кеңістіктегі түрлі ақпаратты қадағалауды күшейтумен қатар балабақшаларда тұлға ретінде қалыптастыру, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды тереңдете игеру жолдарын қарастыру керек. Тек осы қағидаларды бойымызға сіңірген жағдайда ғана осындай теріс пиғылды ағымдарға және адасушылыққа тосқауыл қоя аламыз. Халқымыздың ең басты мақсаты – ынтымақ пен бірлікте бейбіт өмір кешу екенін естен шығармаған жөн.
Н.Рүстем, Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы