Сұрақ: Әсіре діншілдіктің салдары қандай?
Жауап: Жастар арасында рухани діни өмір салтына деген қызығушылығы артып отыр. Кейде басымдығы мен шектен асушылығы да байқалады. Бұл өз кезегінде радикалды идеологияның қалыптасуына ықпал етеді. Елімізде дәстүрлі діни ақпараттармен ҚМДБ дұрыс дерек көздер арқылы өз деңгейінде дәстүрлі діни танымдық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал дұрыс дерек көздерге жүгінбей, көзсіз шетелдік уағызшыларға еліктеу мен тыңдаудың салдары радикалдануға соқтырады.
Радикалданудың салдары елдің діни тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Абай атамыздың қара сөзінде: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде. Тәрбие ата-анасы, ұстазы, ортасы арқылы қалыптасады. Жас өсе келе қай ортаны жақсы көрсе, сол ортаның ықпалы жастардың санасына көп ықпал етеді», деген. Әр жауапты азамат жастардың тәрбиесі мен ортасына мән бергені абзал.
Икрам АЙТАЕВ