Сұрақ: Ашуды қалай тежеуге болады?
Жауап: Бір күні пайғамбардың (с.ғ.с) алдында екі адам өзара сөзге келіп қалды да, оның бірі ашумен екіншісін тілдеп, беті алаулап қызарып кеттеді. Оны көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Ақиқатында мен сондай сөзді білемін, егер оны айтқан болса, міндетті түрде тынышталар еді. (Егер ол): «Карғысқа ұшыраған шайтанның азғыруынан пана сұраймын», – деп айтса, онда (ол ашуын) басар еді», – деген (Бұхари, Мүслим).
Демек, исламда «ашу» құпталмайды. Ашуға берілген адам кейін өкінуі мүмкін түрлі жамандықты жасап қоюы ықтимал. Сол себепті де пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің сахабаларына ашуды тежеу, ашуға берілмеуге шақырып, оны басу жолдарын айтып көрсеткен. Ашуды басудың мынадай жолдары бар екен:
– ашуы келген кісі адамды жиі азғыратын шайтанға қарсы Алла Тағаладан пана сұрауы қажет (ағузу билләһи минаш-шайтонир роджим – деп айтуы тиіс). Алла Тағала Құранда: «Егер шайтаннан саган бір турткі болса, онда Алладан пана сұра. Өйткені Ол Есітуші, Білуші», – деген (Ағраф: 200);
– ашуланған адам тұрған жағдайын өзгертуі керек, яғни, отыру керек немесе ахуалын өзгертуі тиіс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендерден кім ашуланганда түрган болса – отырсын, ашуы (сонда да) қайтпаса, жатсын», – деген (Ахмад, ӘбуДәуд). Расында да түрегеп түрған адам отырған немесе жатқан адамға қарағанда кек алуға, қол жұмсауға жақын әрі дайын түрады;
– ашулы кезде сөйлемеген мақұл. Себебі, сөйлесе, сөзіне қарсы ашуын келтіретін жауап есітуі мүмкін. Шын мәнінде өзі айтқысы келмеген сөзді айтып қалуы да ықтимал. Кейін сол үшін қатты өкінуі мүмкін. Себебі, пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендерден кім ашуланса, үндемесін», – деп үш рет қайталаған (Ахмад, әт-Тирмизи, Әбу Дәуд);
– дәрет алу қажет. Себебі, ашу-ыза адамның қанын қыздырып, дене қызуын көтереді, адамды ширақ қимылдайтын етеді, ал суық су оны салқындатады да, қалыпты жағдайға түсіреді. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген:
«Шындығында, ашу – адамның жүрегінде жанып тұрган қызыл шоқ» (Ахмад, Тирмизи);
Сондай-ақ пайғамбардың (с.ғ.с.) мынадай да хадисі бар: «Шындыгында, ашу — шайтаннан, ал шайтан оттан жаралган, егер сендерден кімде-кім ашуга берілсе, дәрет алсын» (Ахмад, Әбу Дәуд).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,
дінтанушы