Асхат Аймағамбетов М. Нәрікбаев атындағы KazGUU Университетіне оқытушы ретінде қабылданды.
Асхат Қанатұлы 2019-2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.
Енді бүгінгі күннен бастап М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады.
«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді жалғастыруға шешім қабылдадым», – деді Асхат Аймағамбетов.