Күндердің күнінде бір арыздануды жақсы көретін кісі фиқһ ғалымы Ибн Ақилға келіп былай депті:
– Мен күнде суға көп түсемін. Бірақ, сонда да денемнің тазалығына күмәнданамын. Осындай күмәнмен намаз оқысам бола ма, жоқ па? Сонда Ибн Ақил:
– Сен үшін намаз оқу міндетті емес. Барып дем ала бер, – дейді. Мұндай жауапқа таңданған әлгі кісі:
– Бұл қалай болғаны сонда? – дейді. Сонда Ибн Ақил:
– Расында ардақты Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Үш адамның бойынан намаз оқу міндеті түседі. Есін білмейтін жындыға, ұйқыда жатқан адамға, кәмелетке толғанша жас балаға». Ал, кімде-кім суға көп түсіп оның бойы тазаланғанын білмесе, онда ол жынды адам секілді бойынан намаз міндеті түседі,-деп жауап берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы