Күндердің күнінде ит арыстанға келіп:
– Кел бері, мен сені жекпе-жекке шақырамын, дейді. Арыстан мүлде назар аудармайды. Ит құлшыныс танытып:
– Кел деймін, әйтпесе мен аңдарға барып сенің менен қорққаныңды айтып, жария етемін, дейді. Сонда арыстан:
– Айта бер, мені кейін итпен жекпе-жекке шықты деп жерге ұрғанша, одан қорықты деп сынағандары артық, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы