– Қалай ойлайсыңдар, мына стаканның салмағы қанша?.
– 50 грамм!»… «100 грамм!»… «125 грамм!»…- деп студенттер болжап жатты. Сонда профессор:
– Мен өзімде білмеймін. Оны білу үшін онын салмағын өлшеу керек. Бірақ әңгіме мұңда емес. Мен бұл стаканды бірнеше минут ұстап тұрсам не болады?:
– Ештеңе, деп жауап берді студенттер. Профессор:
– Жақсы. Ал, егер мен бұл стаканды бір сағат ұстасам ше? — деп профессор тағы өз сұрағын қойды. Студенттер қолы талып ауыратынын айтты. Профессор:
– Ия. Ал, бұл стаканды дәл осы қалпында күні бойы ұстап тұрсам не болады?
– Сіздің қолыныз ұйып, бұлшық етерінізге ауыр салмақ түсіп, тіпті қолыныз сал болып қалуы мүмкін сосын сізді ауыруханаға апаруға тура келеді, — деп бір студент жауап берді.
– Өте жақсы, — деп профессор өз сұрағын жалғастырды:
– Алайда, осы уақыт ішінде стаканның салмағы өзгердіме? Студенттер таңдана:
Жоқ, – деп жауап берді. Профессор кідірместен:
– Онда қолдағы бұлшық еттердегі ауыртпалық қайдан пайда болды?. Студенттер үнсіз қалды. Сонда профессор сөзін қорытындылап:
– Міне, тура осындай жайт өмірдегі мәселелер мен сәтсіздіктерден көрініс табады. Егер бірнеше минут басыңа түскен өмірлік түрлі ауыртпалықтар мен проблемаларды басыңда ұстасан – бұл қалыпты. Бұл жайлы біраз уақыт ойлайтын болсаң, ауыртпалықты сезінесің. Ал, егер де бұл жайлы ұзақ уақыт ойлайтын болсан, ол кезде сені басқа нәрселерді ойлай алмайтындай құрсаулап тастауы мүмкін. Жағдайды ойлап және оның шешімін табу әрине маңызды бірақ, бұл мәселелерді жатар алдында өз ойыннан шығарып тастау оданда маңыздырақ. Осылайша сендер әр таңды шаршаусыз шалдығусыз жаңа серпінді ойлармен аттыра аласыздар, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы