Ибн Ғамр Әл-Бадри (родиял-лаһу ғанһу) айтады:
«Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) алдына бiр адам келiп: «Пәленше имам намазды тым ұзақ оқу себебiнен таңғы намаз менi iсiмнен кешiктiредi», – деп шағымданды.
Мен Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сол күнi хұтбада (дiни уағызда) адамдарға уағыз айтып тұрып ашуланғанындай ашуға түскенiн көрген емеспiн.
Расулалла (с.ғ.с.) ол хұтбасында былай дедi: «Уа, адамдар! Сендердiң араларыңда адамдарды дiннен қашырып жүргендер бар. Жамағатқа имам болған адам намазын тым ұзақ оқымасын. Өйткенi, оның артында қарты да, жасы да және шұғыл iсi болғаны да тұрады».
Хадистi Әбу Масғуд Әл-Ансариден (родиял-лаһу ғанһу)
Имам Бұхари риуаят еттi.