Намаз уақыты кіргенде, біреуі шығып имам болады. Бұл ақшам намазы еді. Имам «Кәфирун» сүресін оқыды. Сүре ішіндегі «сендердің табынғандарыңа мен табынбаймын» деген аятты мастықтың әсерімен «сендердің табынғандарыңа табынамын» деп жібереді.
Міне, осы оқиғадан кейін Жәбірейіл періште (а.с.) мына аятты әкелді:
«Ей, иман еткендер, мас кезде не айтқандарыңды анық білгенге дейін намазға жақындамаңдар. Жолаушылықтан тыс уақытта жүніп болсаңдар, ғұсыл алғанға дейін намаз оқымаңдар» (Ниса, 43)
Бұл аяттан кейін біраз мұсылмандар шарап ішуді біржола тастады, бірақ анық әмір келмегені үшін және араққа тәуелді болғандықтан, кейбіреулер да құптан намазынан кейін ішетін. Осылайша анық хабар келгенге дейін мүминдер бірте бірте арақтан алыстай берді. Алла Тағала мас қылатын нәрселердің бәрін харам еткенде, арақ ішу сап тыйылды.
Құдайберді БАҒАШАР