Белгілі қатарлық имам Хаммуд ан-Навфали әлем чемпионатының 1-турындағы ойын алдында командалық суретке ауыздарын жауып түскен неміс футболшыларына жауап берді.
Жапонияға қарсы ойын алдында Германия аяқдопшылары осы әлем чемпионатында гей-насихатына тыйым салынуына қарсылық ретінде фотоға ауыздарын жауып түсіп, өз наразылықтарын білдірген болатын.
Twitter әлеуметтік желісінде бұл жайтқа қатысты пікір білдірген дінтанушы: “Қатар сіздерден ауызды емес, басқа жерлеріңді жабуды сұрайды. Нағыз еркек болып қалыңдар және неміс қоғамын демографиялық құлдыраудан құтқарыңдар”, – деп жазды.
Айта кетейік, осы ойында немістер жапондардан күйрей жеңілген болатын.