Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Х республикалық Құран жарысының іріктеу сайысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бекзат Дулатұлына құрметпен ижазасын табыстап, аймақ халқы екінші ижазалы қаримен толыққандығын хабарлады.
Сондай-ақ шара барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі атынан құттықтап, сый-құрмет жасады.
Республикасы, Стамбул қаласында «Марказуд Дияриш Шамия» атты Құран жаттау орталығында Абдулхаким есімді шейх-ғалымға Құран Кәрімді толық тапсырып, «ижаза» алған. Сонымен қатар Осман есімді шейхқа Құранды қайтадан тапсырды. Одан өзге аталған ғалымнан «әт-Тибиян фи хамалатил Қуран» атты кітаптан ижаза алды.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласындағы ижазалы алғашқы қари – Бекжан Амангелдіұлы.