Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 100 шәкірт емтихан тапсырды.
Облыстық орталық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалқызы Сауат ашу курсындағы «Әліппе» тобы мен Жалғастырушы топта оқитын шәкірттерден қорытынды бақылау емтиханын қабылдады.
«Әліппе» тобынан 60 шәкірт тапсырып, қорытынды нәтижесі бойынша «Тәжуид ережесі» тобына өтті. Ал Жалғастырушы топ «Фил» сүресінен «Нас» сүресіне дейін тәжуид ережесіне сай оқып тапсырып, тәжуид қағидаларын талдады.
Ардақ Бағдалқызының айтуынша, шәкірттердің қасиетті Құранды үйренуге деген ынта-ықыласы өте жоғары.