Жуырда Ақтөбе облысының бас имамы имамы Серікжан Еншібайұлының қатысуымен «Ақтөбе» медресе-колледжінде қыздар бөлімінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Алға ауданының әкімі Нұрбол Бақытжанұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы мен Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, сондай-ақ қала имамдары қатысты.
Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен Бестамақ ауылының құрметті ақсақалы Аманжол Ахметов ресми түрде қыздар бөлімінің ашылу лентасын қиып, тарихи сәтте ізгі лебіздерін білдірді.
Қыздар бөлімі сыйымдылығы 50 шәкіртке арналып салынған. Қазіргі таңда 13 шәкірт білім алуда. Негізгі ғимараттан алшақ орналасқан 2 қабатты ғимараттың 1 қабатында негізгі сынып кабинеттері интерактивті тақтамен, намазханамен, дәретханасымен қамтамасыз етілген. Ал 2 қабатында толықтай жатақханаға арналған орындар мен асханасы, кір жуатын бөлмелері мен жуынуға арналған арнайы бөлімдері бар. Қыздардың оқуына барлық мүмкіндік қарастырылған және барлығы тегін.