Қасиетті Ережеп айының алғашқы күнінде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа ауызашар берілді.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен қалалық орталық мешіттің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Алла Тағала ұлықтаған мүбәрак айлардың маңызына тоқталып, «Ислам – ынтымақ және бірлік» діні» және «Ақыретке дайындық» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.