Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы шаһардағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесіне арнайы барып, жас қарилармен жүздесті.
Кездесу барысында бас имам бір жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қарилар орталығының ахуалымен танысты. Сонымен қатар жас қариларға Құран жаттаушының дәрежесі туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли екеуі шәкірттердің білімін тексеріп, сынақ өткізді. Оң бағаға ие болған шәкірттерге, бас имам батасын берді.
Еске сала кетейік, биыл Түркістан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ ұйымдастыруымен өткен Х республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен байқауда Ақтөбе өкілдігінен 10 пара бойынша байқауға қатысқан осы аталған қарилар орталығының шәкірті Нұргелді Мұздақбай болатын.
Бүгінге дейін орталықтың шәкірттері Құраннан 12 параға дейін жатқа біледі. Алдағы Рамазанда алғыр 2 шәкірт онлайн хатым мен тарауық намазына дайындық үстінде.
Одан өзге «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығының) сыртқы жұмыстарына да шолу жасалды.
Кездесу қортындысында Серікжан Еншібайұлы жас қарилардың ілімде зейіндерін ашылуын тілеп, болашақта Ақтөбе қарилар қаласына айналады деген сенімін білдірді.