Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті мен ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері «Аяла» қайырымдылық балалар үйінің балдырғандарын қаладағы Jungle park балалар ойын-сауық кешеніне апарып, қуаныш сыйлады.
«Бақытжан» мешінің бас имамы Ержан Мизамов: «Мұсылманның міндеті әрқашан бауырына қамқорлық танытып, мейірбан болу. Осы шарамыздың өтуіне қолдау білдірген Jungle park басшылығына және игі іске атсалысқан барша жамағатқа алғыс білдіреміз. Алла Тағала дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге береке берсін!» – деді.
Бас имам жеткіншектерге жақсы білім алу, әдепті болу, үлкенді сыйлау секілді адамгершілік құндылықтар туралы айтып, балалармен емен-жарқын әңгімелесті. Шара соңында бүлдіршіндерге дастарқан жайылып, сыйлықтар табысталды.