Бүгін Ақтау қаласында «Ақтау жастары: жетістіктен жеңіске» атты жастар форумы өтті.
«Отпан» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығы» ұйымдастырған іс шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Төребекұлы Сали, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, мотиватор Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық маслихат депутаты Аят Сүгірбай, Respublica партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Нұрболатұлы маңғыстаулық жастарға қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді қозғап, жүрекжарды сөздері мен келелі ойларын арнады.
Тарихшы-әлеуметтанушы Жаңабек Жақсығалиев, тектілік феноменін сақтаудың негізінде – ұзақ уақыт сүзгіден өткен асыл дәстүр, терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілім сіңген даналық көзқарас жиынтығы бар, бұл қасиет – ұрпақтан-ұрпаққа қан арқылы, қатаң тәрбие арқылы дариды деп аяқтады. Нұржігіт Нұрболатұлы халық саны аз мемлекеттерді ұлттық құндылықтарынан айыру арқылы жер бетінен жойып жіберу саясаты жүріп жатқан қатігез заманда, ата-бабамыздың аманатына айналған ұлттық құндылығымызды, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу- бізге артылған міндет. “Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы” екендігін естен шығармай, мәдениетімізді терең зерделеу арқылы “Мәңгілік ел” алатынымыз хақ.
Форумды қорытындылай келе, Аят Сүгірбай «Мен жастарға сенемін!», – деп қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаевтың жырымен бастап, еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болмақ деп өз ойын жеткізді.
Іс-шарада жастар спикерлерге көкейкесті сұрақтарын қойып пікір алмасылды. Шараға Ақтау қаласының жастары қатысты.