АҚШ Мемлекеттік департаменті Түкрияның ағылшын тіліндегі атауын түрік тілінің фонетикалық нормаларына сәйкестіріп өзгертті. Бұдан былай ресми құжаттарда ел атауы бұрынғыдай Turkey (“Тюркей” деп оқылады) деп емес, Türkiye (Түркие) деп жазылатын болды.
“Түрік елшілігі бізден ресми құжаттарда ел атауын осылай жазуды ұсынды”, – деді Мемдепартамент баспасөз қызметінің жетекшісі Нед Прайс.
Оның айтуынша, АҚШ федералды үкіметінің жағрапиялық атаулардың жазылуын стандарттауға жауапты уәкілетті органы бұл өзгерісті құптаған.
Осындайда әлемде Kazakhstan деп орысша айтылу нұсқасында жазылып жүрген еліміздің атауын да Qazaqstan деп өзгертер ме еді деген ой келеді…