АҚШ Федералдық тергеу бюросы «Әл-Каида» мен ДАИШ лаңкестік топтары осал жерлерді іздеуді жалғастыруда және Америка аумағында ауқымды террорлық актілер жасау жоспарларынан бас тартпайды деп санайды,-деп РИА Новостиге сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Федералдық тергеу бюросының директоры Кристофер Рэй мекеме террористік ұйымдарды бақылауды жалғастырып жатқанын айтты.
«Олардың мүшелері қорғалмаған жерлерді іздеуді жалғастыруда және бізге қарсы ауқымды шабуыл жасау ниетінен бас тартпайды. Әрине, біз Ауғанстандағы жағдайдың дамуын бақылап отырмыз »,- деп ФТБ басшысының АҚШ Сенатындағы тыңдауларға дайындалған жазбаша кіріспе сөзінде айтылған.
Рэй атап өткендей, бүгінде лаңкестер Америка Құрама Штаттары мен оның серіктестеріне үнемі «ішкі де, шетелде де» агрессивті зорлық -зомбылық кампаниясын жүргізіп жатыр.
«Осы күнге дейін ДАИШ (ИМ-Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өзінің жеккөрушілікке толы риторикасын агрессивті түрде насихаттауды жалғастыруда және АҚШ пен біздің мүдделерімізге қарсы шетелде шабуыл жасағысы келетін пікірлес экстремистерді тартуды жалғастыруда»,-деп қосты ФТБ директоры.
Оның айтуынша, Вашингтонды, террористердің өз мақсаттарына жету үшін әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларды жедел хабар алмасу үшін қолдануы ерекше алаңдатады.
«Өз кезегінде,«Әл-Каида» ауқымды әсерлі шабуылдар жасауға және оларды қоздыруға деген ұмтылысын сақтап отыр»,-деді Рей.
Бұған дейін ДАИШ мүшелері Кабул әуежайында үш жарылыс жасаған. Бірінші жағдайда жанкешті әуежайдың кіре берісінде күтіп тұрған адамдардың арасында өзін жарып жіберді. Екіншісі – БАҚ ақпараты бойынша шетелдіктер, оның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ азаматтары жиналған Baron қонақ үйінің жанында бомба қойылған көлік жарылды. Үшінші жарылыс 60 ауғандықтың өмірін қиды. Осыдан кейін АҚШ президенті Джо Байден әскери қызметкерлерге ДАИШ тобының жетекшілері мен нысандарына шабуыл жоспарларын дайындауға бұйрық бергенін айтты.