Үшінші мегаполист Шымкент қаласында діни ахуал тұрақты. Дін істері басқармасы бірнеше бағытта қарқынды жұмыс істеуде. Қоғамдық келісім, конфессияаралық тұрақтылық басты назарда. Теологтар, имамдар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, деструктивті діни ағымдардың жақтастарымен кездесу өткізуде. Мамандар қандайда бір діни сұрақ туындаған жағдайда ақпаратты ресми ресурстардан алған абзал екенін ескертеді.