Қазан қаласының “Ақ барс” хоккей клубы Bars Angels деп аталатын бишілер тобымен ынтымақтастықты үзді.
Енді Қазан шахарындағы хоккей матчтары кезінде жартылай жалаңаш қыздар билемейтін болды. Олардың билейтін орындарына жанкүйерлер үшін қосымша орындықтар қойылмақшы.
“Ақ барс” әкімшілігі мұны ақшаны үнемдеу үшін жасап жатқан жоқ. Бұл – отбасылық құндылықтарға және мәдени демалысқа бет бұру үшін керек. Өздеріңіз қараңыздар, ер адамдар хоккей көруге келеді, ал олардың көз алдарында жартылай жалаңаш қыздар билеп тұр. Бұл олардың назарын аударады. Олар хоккей көре ме, әлде жартылай жалаңаш қыздарды көре ме?!” – дейді клуб басшылары.
“Қазақ – Татарстанның астанасы, мұнда құндылықтар мен әдеттерді берік ұстанатын адамдар тұрады (республика халқының 50 пайыздан астамы – мұсылмандар)”, – деп мәлімдеді клуб баспасөз-қызметі.