Сөздікте «Қуат, оң қол» деген мағыналарды білдіретін ант сөзі термин ретінде бір адамның Алланы атымен немесе сипатымен сөзін қуаттандыруын айтамыз. Мысалы «Уаллаһи, биллаһи мұны жасамаймын», «Уаллаһи, пәленше жерге бармаймын» деген сөздер осыны білдіреді.
Ант беру рұқсат етілген әрекет болса да, керегінен тыс ант ішіп оны әдетке айналдыру дұрыс емес. Жиі ант ішетін адам өзіне Алланы куә еткен және қасиетті ұғымдарды өз сөзінің туралығы үшін шіріткен болады.
Орындалуы мүмкін және рұқсат етілген бір нәрсені ілгеріде істейтіндігіне немесе істемейтіндігіне ант ішкен адам бұл антын орындауға міндетті (Ибн Абидин, Рәддул-Мұқтар, III, 45,46).
Құран Кәрімде берілген уәдені орындау жайлы «Атттарыңды сақтандар». (Маида, 5/89), «Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындандар. Анттарынды, Алланы өзеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі». (Нахл, 16/91). Сондықтан бір мұсылманның ант ішпеуі, ант ішсе де берген уәдесіне Алланы куә еткен болғандықтан барынша орындуға ден қою тиіс.
Алайда парыз немесе уәжіп болған бір істі істемеуге немесе күнә яки харам болған бір істі істеуге ант ішкен адам бұл антын орындамай орнына кәффарат төлеуі тиіс. Бір жақсылық істі істемеуге ант ішкен адамның бұл антты іске асырмай орнына кәффарат төлеуі абзал. Мысалыға бір адамның қарызын өтемеуге, бір мұсылман бауырымен сөйлеспеуге, әке шешесімен бір үйде тұрмауға ант ішу секілді істерде антын бұзып орнына кәффарат төлегені абзал болып саналады.
Себебі бір хадис шәріпте: «Бір адам бір іс үшін ант су ішсе, алайда артынан одан да хайырлы іс көрсе, антын бұзсыз және кәфаррат төлесін.» (Муслим, Әйман, 11-19).