Жағфар Садық (р.а.): «Мына бес адаммен дос болма!
Біріншіден, өтірікшімен дос болма! Ол сағым сияқты сені алдаумен болады. Жақынды алыс, алысты жақын етіп көрсетеді.
Екіншіден, ақымақпен дос болма! Ол кәдеңе жарамайды. Жақсылық істеймін деп жамандығын тигізеді.
Үшіншіден, сараңмен дос болма! Ол өзіңе ең мұқтаж кезіңде тастап кетеді.
Төртіншіден, қорқақпен дос болма! Қиын күнде сені жау қолына тастап қашады.
Бесіншіден, пасық адаммен дос болма! Бір жейтін тамақ үшін немесе одан да аз нәрсеге сені сатып жібереді» дейді.
Жанындағылар «Одан да аз» дегеніңіз не нәрсе?» деп сұрайды. Ол: «Құр дәме. Соңында оған қолы жетпей қалады» деп жауап береді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ