Сұрақ: Амандасу, сәлемдесу қалай жасалады? Үкімі қандай?
Жауап: Бейбітшілік, келісім, амандық деген мағыналарды білдіретін сәлем, термин ретінде мүсылмандардың кездесіп қалған жағдайда, бір-біріне амандық тілегенде айтылатын арнайы сөздерінен тұрады.
Ислами қолданыста сәлемдесу екі адамның бірінің екіншісіне “Әс Сәләмун алейкум” (сәлем, амандық және сенім сізге болсын) деуі; екіншісінің болса: “Уә Әләйкум сәлем” (сізге де сәлем, амандық және сенім болсын) деп жауап беруі арқылы орын табады.
Дініміз, Мұсылмандарды бауыр деп жария еткен, бауырмалдық сезімінің түйсікке нық орын алуы мақсатында оларға бірнеше міндет жүктеген. Осы міндеттердің бірі – сәлемдесу.
Қүран Кәрімде, “Сендерге біреу сәлем бергенде Оған оданда әдемі немесе дәл солай жауап беріңдер» [Huca, 4/86] деп бұйырған. Сәлемге дәл солай жауап беру, “сәламун әләйкум” дегенге “Әләйкум Сәлем” деп; “Сәламун әләйкум уә раһматулла” дегенге болca, “Әләйкум сәлам уә pahматуллa” деп жауап беріледі. Сәлемге Одан да жақсы жауап беру деген болса, “Сәламун әләйкум” дегенге, “Әләйкум Сәләм уа раһматулла” деп; “Сәламун әләйкум уа pahматулла” дегенге болса, “Әләйкум сәләм ya pahматулла ya бәрәкатуһ” деп жауап берген болады.
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.): “Амалдардың қайсысы игі? ” деп сұраған адамға “Тамақ беру және танып, танымағанға сәлем беру. ” [Бүхари, Иман, 18] деп айтқан.
Сәлемдесуге жетелейтін хадистердің бірі – мынау: “Сендер иман етпейінше, жаннатқа кірмейсіңдер; бір-біріңді сүймейінше, шын мағынада иман еткен бола алмайсыңдар. Істеген жағдайда бір-бірлеріңді сүйе алатын (бір-бірлеріңе деген сүйіспеншілікті арттыратын) амал айтайын ба? Араларыңда сәлемді жайыңдар ” [Мүслім, Иман, 24].
Екі мұсылман жүздескенде, сөзге бастамастан бұрын сәлемдесуі тиіс. Расулалла (с.ғ.с.): “Сәлем, сөйлеспестен бұрын жасалады ” (Тирмизи, Истизан, 11] деген.
Ислами әдеп бойынша, көлікте отырған кісі жаяуға, жаяу адам отырғанға, аз адам көпке, кіші үлкенге сәлем беруі тиіс. [Тирмизи, Истизан, 14].
Бір адам көпшіліктен ажырап бара жатқан адам да, артта қалғандарға сәлем береді. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: “Біреуің бір мәжіліске кіргенде сәлем берсін, Отырған мәжілісінен кеткісі келгенде де сәлем берсін. Бұрын берген сәлемі кейін берген сәлемінен үстем емес. ” [ӘбуДауыт, Әдеп 139; Тирмизи Истизан 15].
Жалғас Садуахасұлы
Қарап тұрсам, қарапайым ғана тақырып. Бірақ білетінімізден білмейтініміз көп екен. Осындай мақалаларыңыз көп болсын!
“Сәлем – сөздің анасы” деген. Танитынға да, танымайтынға да сәлем беріп жүру керек