Ғамр (р.а.) айтады:
«Бір күні Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) хұтбада тұрып былай деді:
«Ақиқатында мына дүние өткінші нәрсе емес пе? Одан жақсы да, жаман да қоректенеді. Шындығында Ақыреттің белгіленген уақытында болары ақиқат емес пе? Ақыретте құдіретті Патша қазылық етеді.
Ақиқатында жақсылықтың бәрі жәннатта, ал жамандықтың бәрі тозақта емес пе? Амалдарыңды Хақ Тағаланың қаһарынан сақтанған халде істеңдер.
Алла Тағаланың алдына амалдарыңмен бірге тұратындарыңды біліңдер. Шаңның тозаңындай игілік істеген адам соның жақсылығын көреді. Шаңның тозаңындай жамандық істеген адам соның жазасын татады».
«Муснадүл-Шафиғи».