Биылғы Амал мейрамы Маңғыстау облысында ізгілікке үндейтін игі іс-шарадан бастау алды. «Отпан тау» тарихи-танымдық этно-мәдени кешеніндегі «Қарашаңырақта» Адай атаның рухына құран бағышталып, жас қарилар құранды жатқа оқудан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жарыс өте әсерлі болды. Киелі орында құран оқу, Алладан шапағат тілеп, ата-баба рухына құран бағыштау өте сауапты іс болды деп ойлаймын. Құранның әрбір сүресі сауапқа теңелмек. Мұндай үрдіс дәстүрлі сипат алса, алдағы уақытта өз жалғасын тапса деген игі тілек бар», – деді ұстаз Айбек Сатешов.