Сұраұ: Қалындықтың сұлу болуы шарт па?
Жауап: Жалпы «сұлулық» ұғымын әркім әрқалай түсінеді және әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреуге адамның бет пішіні, тән сұлулығы мен кескіні ұнаса, екінші біреуге адамның жан сұлулығы ұнайды және сол сияқты т.б. Сондықтан да бұл мәселені үйленетін адамның өзі шешкені абзал. Өйткені өмірде түрлі жағдай орын алып жатады. Дегенмен, пайғамбардың мына сөзін айтып өткеніміз жөн болар:
«Әйелді төрт нәрсесіне қарап алады: байлығына, тегіне және сұлулығы мен дініне. Дінге берік (әйелді) алуға тырыс, әйтпесе ұтыласың!» (Бұхари, Муслим).
Қалай болған кұнде де ер азамат жұбайыңның сыртқы келбеті мен дене бітіміне қатысты орынсыз әзілдерден сақтанғаны жөн. Егер қалындықтың түрі сұлу болмаса, демек оның жаны сұлу болар. Біз үшін Ислам тарихындағы мына оқиғада үлкен ғибрат жатыр:
Анас ибн Аммар әл-Асбахий үйленер шағында қалындығының жүзіне бір қарамаған болатын. Кейін көріп, қалындығын ұнатпай қалады. Сөйтіп қайғырған күйде төмен қарап отырып қалады. Сол кезде әйелі келіп:
– Ей, Анас! Қайғырма. Расында жақсылық дегеніміз, жаманның ішінде жасырын тұрады, – деп оған жұбату сөздерін айтады. Бұл сөздер Анасқа қатты ой салып, күш береді. Анас Аллаға шүкірлер айтқан хәлде әйелімен бақытты ғұмыр кешеді.
Бұл әйел Анас ибн Аммарға Ислам әлеміне аты шыққан, әйгілі имам Мәлик ибн Анасты туып береді. Кейін бұл имамның мәшһүр болғаны сонша халық арасында «Имам Мәлик Мәдина шаһарында тұрғанда, ешкім пәтуа бере алмайды», – деген нақыл сөз шығады.
Бұған қоса пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Әйелдерге жақсы қатынас қылыңдар», – деп айтқан (Ахмад). Алған жарыңа жақсы қарым-қатынас қылғайсың. Алла әрбір адамға өзіне тән сұлулық берген. Ол бір жан сұлулығы, тән сұлулығы, бір ерекше мінезі немесе өзгелерде жоқ қасиеті шығар. Оны көре білу, бағалау өзіңе байланысты.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Белгілі оқиғаман жақсы жазылған. Рахмеет!