Мысалға Құранда:
مَنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ
«Кім Алла елшісіне мойынұсынса, Аллаға мойынұсынғаны»[1],
قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
«Егер Алланы шыныменен жақсы көрсеңіздер, маған еріңіздер. Сонда Аллада сіздерді жақсы көріп, күналарыңызды кешіреді»,- деп айт»[2],- делінген. Сондай-ақ, мұсылман үмбетінің бір ауыздан келісімі бойынша сенімді жолмен жеткен хадистер арқылы ешбір шарт қоюсыз пайғамбар (с.ғ.с)-ға ілесу уәжіп болып табылады. Өйткені Алла Тағала:
وَمَا آَتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا
«Алла елшісі сіздерге не нәрсені алып келген болса, соны алыңыздар. Ал, ол сіздерді не нәрседен қайтарып тыйым салса, одан тыйылыңыздар»[3],-деп әмір етті.
Демек, пайғамбарымыз (с.ғ.с)-нан еш ақаусыз сенімді жолмен жеткен хадистер арқылы амал ету уәжіп. Бірақ бұл – кейбір адамдар ойлағандай «хадис сахих болса болғаны, оныменен үзілді-кесілді амал ету уәжіп болып табыла береді»,- дегенді білдірмейді. Мұндай қате пікірден арылуымыз қажет. Біздер осы тұста мына бір ережені ескеруіміз керек. Белгілі бір хадиспен амал ету уәжіп болуы үшін, ол хадистің үкімі «шаз» болмауы тиіс.
«Шаз» – деген сөздің тілдік мағынасы «Көпшіліктен даралану» деген мағынаға саяды.
Ал, терминдік анықтамасы: «Шаз» – дегеніміз бір хадистің мүтәуатир жолменен жеткен хадистерге және нақты бекітілген қағидаларға қарама-қайшы келуі»[4].
Белгілі хадис ілімінің майталманы Ибн Хажар әл-Асқалани «нузһату ән-назар» еңбегінде шаз хадистің анықтамасы турасында:
ما رواهُ المقْبولُ مُخالِفاً لِمَنْ هُو أَوْلَى مِنهُ
«Қабылданатын рауидің (хадисті жеткізуші) өзіненде сенімдірек рауиге қайшы жеткізген хадисі»,– деп айтқан.
Шаз хадистің үкімі: Қабылданбайды.
Ал, «Мүтәуатир- дегеніміз бірігіп жалған айтуы мүмкін болмаған бірнеше жамағаттар арқылы жеткен хадистер».
Осы орайда, «шаз» хадистің анықтамасы түсінікті болуы үшін мысал ретінде ақида мәселесінде кездесетін төмендегі хадисті қарастырсақ:
Мұғауия ибн әл-Хакам әс-Сулләмиден жеткен риуаятта: «Менің Ухуд пен әл-Жәуания арасында отар қойым бар еді. Ол жердегі қойларды бағатын күңім болатын. Күндердің күнінде оған барсам, оның бір қойдан айрылып, қасқырға жем қылып алғандығын байқадым. Сол кезде ол өкінгенімен, мен оған қол жұмсаған едім. Осы қылығым көңіліме ауыр тигендіктен, пайғамбар (с.ғ.с)-ға келіп, оған болған жәйітті баян етіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен оны азат етейін бе?-деп сұрадым. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с) (әлгі күңді) «шақыр» деді. Сөйтіп, оны шақырғанымда (Алла елшісі (с.ғ.у)) одан: «Алла қайда?»,-деп сұрады. Әлгі күң: «Аспанда»-деп жауап қатты. Сондай-ақ, пайғамбар (с.ғ.с) одан: «Мен кіммін?»-деп сұрады. Ол болса: «Алланың елшісі»-деп айтты. Сол сәтте пайғамбар (с.ғ.с): «расында ол мүмін әйел, оның басына бостандық бер»- деді».
Муслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған ғалым әл-Мазири жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді:
«Пайғамбарымыз күңнің мұсылман болып, болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары саналатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы қажетін өз құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз Аллаға сенетіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне, сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы келді. Сөйтіп, оның түсінетін тілімен сөйлесті. Сосын ол жалғыз Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат етті. Құбылаға бет бұру – Алла Тағаланың қағбамен шектеулі екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі аспанмен шектеулі екенін де білдірмейді»[5].
Бұл хадис имам Мүслимнің хадис жинағында келгенімен кейбір ғалымдар хадистің үкімін «шаз» деген.
Жоғарыдағы келтірілген хадиске сүйеніп, Алла Тағалаға белгілі бір мекен тағайындау әсте дұрыс емес. Алла тағала уақыт пен мекенге тәуелді емес. Бұл екі құбылысты уақыт пен мекенді Ол жаратқан. Әзірет Әли (р.ғ.):
– «Қайда деген сөздің өзі мекен-жайды білдіреді. Ал уақыт пен мекен жаратылмай тұрып, Алла Тағала бар еді. Алла әзәлде қандай болса, қазір де сондай (өзгеріссіз)»[6] – деген екен.
Аталмыш хадис «шаз» болып табылады. Әсіресе «шаз» хадисі – ақида мәселелерінде дәлел ретінде келтіруге жарамайтындығын қаперге алған жөн. Демек, осы сынды хадистермен үкім шығаруға болмайды. Ендігі кезекте бұл хадистің «шаз» егендігі бірнеше тараптар арқылы айқындалып баян етіледі:
Қарастырып отырған хадис пайғамбарымыз (с.ғ.с)-нан мүтауатир жолмен жеткен хадистерге қарама-қайшы келеді. Хадистегі күң оқиғасына қатысты мәтіннің басқа риуаяттарда өзгеше сөздермен жеткен. Ислам дінін қабылдау үшін қалыптасқан қағидаға сәйкес пайғамбарымыз (с.ғ.с) – алдына келіп ислам дінін қабылдауды қалаған адамнан әуелі екі куәлік сөзді айтуды сұрағандығы жөнінде мүтауатир жолмен жеткен хадистер көп келген. Егер әлгі адам екі куәлік сөзін айту арқылы тілін кәлимаға келтірсе, оған мұсылман деп үкім беретін. Мәселен, имам Мәликтің (р.х) «әл-Муатта» кітабында Убайдулла ибн Абдулла ибн Атаба ибн Масғудтан жеткен хадисте: Ансарлардан болған бір кісі Алла елшісі (с.ғ.с)–ға қара нәсілді күңді ертіп келіп:
– «Уа Алла елшісі! Маған бір мүмин құлды азат етуім керек еді. Егерде осы күңді мүмін деп білсең оны азат етейін»,–деді.
Сол кезде Алла елшісі (с.ғ.с) әлгі күңнен:
– «Алладан басқа Тәңір жоқ екендігіне куәлік етесің бе?,– деп сұрады.
– «Иә»,– деп жауап қайтарды. Содан соң, Алла елшісі (с.ғ.с):
– «Мұхаммад (с.ғ.с)-ді Алла елшісі екендігіне де куәлік бересің бе?,-деп сұрады.
– «Иә»,-деді. Одан соң Алла елшісі (с.ғ.с) одан:
– «Өлгеннен соң қайта тірілу күнінің бар екендігіне сенесің бе?»,-деп сауал қойды.
– «Иә»,– деп жауап қатты. Сол сәтте, Алла елшісі (с.ғ.с): «оны азат ет!»,-деп айтты. Осы тәрізді хадис имам Ахмадтің (р.х) мүснадінда кездеседі.
Иә! Бағзы біреулер әл-Хафиз абу Исмағил әл-Һарауйдің «әл-Арбағъина фид дәләйли әт-таухид» атты кітабында Икримадан, ибн Аббастан Сағъид ибн Марзабан арқылы риуаят етілген хадисті келтіруі мүмкін. Сол хадисте: «Бір кісі өзімен бірге шетелдік қара күңді пайғамбар (с.ғ.с)-ға ертіп келіп: «Маған бір құлды азат етуім керек, менен осыны құп көресіз бе?»,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с) күңнен: «Алла қайда?»,-деп сұрады. Ол күң қолымен аспанды меңзеді. Содан кейін, ол (с.ғ.с): «Мен кіммін»,-деп сұрады. Ал ол:«Алла елшісісіз»,-деп айтты. Сол мезетте, пайғамбар (с.ғ.с): «Расында ол мүмін әйел, оның басына бостандық бер»– деді». Алайда, бұл хадистіңде үкімі «шаз», «дағъиф», әрі Сағъид ибн Марзабанның хадисі «мәтрук», мункәр» және «мудәлләс» болып табылады. («Шаз», «мәтрук», «мункәр» және «мудәлләс» дағъиф хадистердің түрлерінің атаулары).
Муғауиядан келген хадис «шаз» екендігін нақтылап, теріске шығаратын төмендегі екі хадисте:
Имам әл-Бәйһақи «әс-сунән» атты еңбегінде Аун ибн Абдолла арқылы риуаят жеткен хадисте: «Бір әйел адам қара күңді пайғамбар (с.ғ.с)-ға ертіп келіп: «Маған бір құлды азат етуім керек, менен осыны құп көресіз бе?»,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с) күңнен:«Раббың кім?»,–деп сұрады. Ол: «Раббым Алла»,–деп жауап қатты. Сосын пайғамбарымыз (с.ғ.с) одан: «Дінің не?,–деп сауал қойды. Ол: «Ислам»,–деп айтты. Одан соң (с.ғ.с): «Мен кіммін»,–деп сұрады. Сонда ол: «Алла елшісісіз»,–деді. Пайғамбар (с.ғ.с): «Сен бес уақыт намаз оқып, менің Алла тарапынан алып келгендеріме иланып мойындайсың ба?,–деп (тағыда оған сауал тастады). Әлгі күң: «Иә»,–деді.Сонда Алла елшісі (с.ғ.с) күңнің арқасынан қағып: «оны азат ет»,–деп айтты»,-делінген.
Сондай-ақ, Ибн Хиббан «сахихында» және Ахмадтың мұснадында, Әбу Дәуідт пен ән-Насай риуаят еткен хадисте: Әш-Шарид ибн Суайд әс-Сақафи: «Мен уа Алла елшісі! Маған анам бір құлды азат етуіме өсиет еткен еді. Менің Нубилік күңім бар»,–деп айттым. Сонда, Алла елшісі (с.ғ.с): «Шақыр оны»,–деді. Кейіннен, Алла елшісі (с.ғ.с) күңнен: «Раббың кім»,–деп сұрады. Ол: «Алла»,–деп жауап қатты. Одан кейін (с.ғ.с): «Ал, мен кіммін»,–деп сауал қойды. Ол: «Алла елшісі»,–деп жауап берді. Сол мезетте, пайғамбар (с.ғ.с): «Расында ол мүмін әйел, оның басына бостандық бер»,– деп айтты.
Сонымен қоса, Жәбрейіл періште иманның шарттары турасында қойған саулға пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Иман дегеніміз Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне және де ахирет күні мен тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің»,- деген болатын. Міне, иманның шарттары баяндалған бұл хадисте «Алла аспанда» деген шарт мүлдем айтылмаған. «Алланы аспанда»,–деген ақида Аллаға деген таухидті дәлелдеп ширіктен қайтармайды және ол сөзді айту арқылы кәпір адам мұсылман бола алмайтыны ақиқат. Олай болса пайғамбарымыз (с.ғ.с) қалайша мұндай ақида иесін «мүмин» деп сипаттасын? Мүшриктер де Алланы аспанда деп сенетін, әрі жердегі қолдан жасаған тәңірлерімен ортақ қосатын. Солардың бірі ибн Убейд Уәлид Имран пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ға келген уақытта пайғамбар (с.ғ.с) одан:«Қанша тәңірге табынасың?»,–деп сұрады. Ол: «Алтауы жердегі мен біреуі аспандағыға»,– деп жауап берді. Сол сияқты Перғауын да Алланы аспанда деп сенгендіктен Хаманға: «Маған баспа құрастыр, мүмкін Мұсаның Тәңіріне шығармын»,–деген. Сөйте тұра өз қауымына: «Мен сендердің жоғары раббыларыңмын»,«Сендердің менен басқа таңір жоқ деп білемін», – деп айтқан.
Ғұламалар Мұғауиядан риуаят етілген хадистегі «Алла аспанда»,–деген сөзді тікелей үстіртін мағынасында емес, бәлкім қадірінің, дәрежесінің, ұлылығының жоғарлығы деп астыртын ауыспалы мағынада түсінген.
Әл-Бәжи (р.х) айтты: «Алла аспанда» деген күңнің сөзіне түсінік беріп: «Мүмкін ол күң «Алла аспанда» деу арқылы жоғары (биік, ұлық) деген мағынада сипаттағысы келген болар. Себебі, кімнің мәртебе дәрежесі жоғары болса, дәл осылайша сипатталады емес пе? Мәселен, «пәленшенің орны аспанда» делінсе, демек оның мәртебесінің мен дәрежесі жоғарғы деңгейде екен деген мағынаны білдіреді».
Кейде, «Төбем көкке жетті, «биіктерден көріне бер»,–деу арқылы біреудің дәрежесі мен мәртебесінің және жағдайының басқаларға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін білдіретін ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып жатамыз
Ілім иелерінің бір тобы «Алла қайда» және «аспанда» деген сөзді ауыспалы мағынада «Сен үшін Алланың дәрежесі қайда, қаншалықты?», «Мен үшін өте жоғарыда, аспандай асқақ»,- деген ұғымда тұспалдаған.
«Алла қайда»,–деп Алланың мекенін сұраудың өзі орынсыз. Себебі, «қайда» деп мекен сұрау жаратылыстарға қолданылады. Мекен жаратылған жаратылыс, ал, Алла Тағала Өзі жаратқан жаратылыстарға мұқтаж емес. Сол сияқты, «аспанды» Өзінің мекені етіп алудан аулақ әрі пәк. Ешқандай жаратылыс Аллаға мекен болатындай Оны қамти алмайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Әл-фауайдул мақсуда фи баян әл-ахадис әш-шазза әл-мардуда», Әбул Фадл әл-Хафиз Абдулла ибн Махмуд ибн әс-Сиддиқтің кітабы.
[1] Ниса сүресі, 80-ші аят.
[2] Әли-Имран сүресі, 31-ші аят.
[3] Хашр сүресі, 7-ші аят.
[4] «Әл-фауайдул мақсуда» кітабы, 86-шы бет.
[5] Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-мәзаһибил-исламия, 403-бет, Қ.Жолдыбайұлы.
[6] Әбу Муғин Насафи (р.а.), Бахрул-Кәләм, 117-бет.
Нұрлан РАМАЗАНОВ,
«Нұр Астана» орталық
мешітінің наиб имамы