Егер бұл әдіс тиісті нәтижелерін бермесе, дін қызметкерлері келесі тәсілді – азаматтармен жекеше сұхбат құруды қолға алады. Жемқорлықпен күрестің жаңа жолына қазіргі уақытта еліміздегі 17 конфессияның 190 бірлестігі қосылып отыр.
«Діни ұйым не істей алады? Егер белгілі бір дін қызметкерінің абырой-беделі жоғары болса, оның айтқан сөзіне халыққа өтетін болса және өзіне келген адаммен өте сауатты сұхбаттаса алса, әрине, мемлекетіміздің бір бөлігі болса да жемқорлық секілді дерттен бойын аулақ ұстауға тырысады» дейді Алматы православтық рухани семинар проректоры Иван Ливинский.