Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде «ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!» деген атпен пәтуа сағаттары өтті.
Алматы Орталық мешіті мен қала мешіттерінде жұма намазынан соң жамағат сұрақтарына жауаптар берілді. Пәтуаға жауапты имамдарға 52 мешітте 2500-ден аса сұрақ қойылып, сауалдарға нақты жауаптар берілді.
Сондай-ақ Рамазан қарсаңында жарық көрген «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы мешіт жамағатына таратылды.
Не арқылы:
muftyat.kz