Бұл сауалға жауап бермес бұрын алдымен қысқаша ислам дініндегі «қорқыныш» түсінігі жайлы мәлімет бере кетейік. Алладан және қиямет күнінен қорқу мұсылман өмірінде маңызды рөл ойнайды. Бұл сезім Хақ тағаланың бұйрықтарына мойынсұнып, ізгілік жасауға ұмтылдырады. Алла тағала құлын өз құзырында жоғары мәртебеге жеткізуде қорқыныш пен үрейді қамшы ретінде қолданған. Бұл қамшы жай қамшы емес. Ол анасының баласына ұрысқанындай, баланы анасының мейірім толы құшағына тартқанындай пендені иләһи рақымдылықтың кеңдігіне тартады. Сол себепті Құрандағы адам көңілінің астаң-кестеңін шығарып, жүрегіне қорқыныш ұялататын әмір, тыйым, бұйрықтар дұрыс жол сілтеумен қатар әрі рақымға толы қуаныш сыйлайды.
Алладан ғана қорқу пендені одан тыс жоқтан өзгеден қорқудан арылтады. Құранда Жаратушымыз: «Егер шынайы мүмін болсаңдар, олардан қорықпаңдар, тек менен ғана қорқыңдар»[1] деу арқылы шынайы мүміннің тек қана Алладан қорқатынын, түптеп келгенде қорқудың да иманнан екенін ұқтырады. Адам бойындағы қорқыныш сезімін жан-жаққа ыдыратпай бір ғана Аллаға бағыттайтын аятта: «Тек қана Менен қорқыңдар»[2] дейді.
Қорқыныштың адам баласына беретін пайдалары жайлы көптеген аяттар бар. Осы қасиет арқылы, жаннаттық дәрежелерге қол жеткізетіндіктерін, оларға тура жол, рақымдылық, ілім мен разылықтың бар екеніне назар аудартады. «Ағраф» сүресінде:
«Раббыларынан қорыққандарға тура жол мен рақымдылық бар»[3] делінсе, «Алла олардан разы, олар да Алладан разы болды. Міне, осы сый-сыяпат Алладан қорыққандар үшін»[4] деу арқылы қорқудың пайдаларын көрсетеді. Мына аятта: «Алла тағаланың алдында ең ардақтыларың – Одан ең көп қорыққандарың»,–[5] делінеді.
Пайғамбарымыз: «Сүттің өзі шыққан желінге қайта кірмейтіні сияқты, Алладан қорқып жылаған көз де жаһаннамды көрмейді. Алла жолында жиһад жасағандардың мұрындарына кірген тозаң мен жаһаннамның түтіні бір жерде болмайды»[6], – деген.
Қиямет күні Алла тағаланың аршының көлеңкесін паналайтын жеті топ жайлы көпшілікке мәлім хадисте осы топқа кіретіндердің бірі – Алладан қорқып көз жасын төккендер екені айтылады[7]. Пайғамбарымыз Ибн Мәсғудқа айтқан бір өсиетінде: «Егер маған қауышуды қаласаң, менен кейін қорқуды көбейт», –дейді.
Имам Шибли: «Қай кезде Алладан қорықсам, бұдан бұрын ешқашан көрмеген ғибрат пен хикмет есігінің ашылғанын көрдім»,– дейді. Зун-Нун Мысри: «Алладан қорыққан адамның жүрегі жібіп, Оған деген сүйіспеншілігі көбейеді. Ой-ниеті түзу болады»,–[8] дейді. Әбул Қасым Хаким: «Бір нәрседен қорыққан адам одан қашады. Ал, ұлы әрі мәртебесі жоғары Алладан қорыққан адам, керісінше, соның өзіне қарай жүгіреді (соны паналайды)», – дейді.
Қорқыныш адамның нәпсіқұмарлығын тежеп, шәһуатты сезімдерін тыяды. Ішінде у бар екенін білген адам балдан қалай тыжырына бет бұрса, жүрегін қорқыныш билеген адам да ар-ұят әдебінен аспай, нәпсінің жамандықты қалауынан жиреніп тұрады. Адам қанында ойнақ салған нәпсіқұмарлықты Алла тағаладан қорқу мен тозақ азабының үрейі ғана тежей алады.
Үрей жамандықтан тыйып, жақсылыққа жетелейді. Егер, жамандықтан тыймаса, оны қорқынышқа жатқызуға болмайды. Алайда, қорқуда да теңдікті сақтай білген абзал. Адамды жақсылық жасауға жетелейтін қорқыныш қана – нағыз қорқыныш.
Алланың құдіретінен қорқу – шын мәнінде Алланы танудың жемісі, шынайы құл мен пайғамбар ерекшелігі. Олардың көкірегінде үнемі осы сезім жоғары тұрады. Алла тағаланың құдіретінің шексіздігіне көз жіберіп, жүректерінде қорқыныш сезім орнығады.
Міне, осы жерден байқағанымыздай Ислам дінінде қорқыныштың өзіндік мәні мен мағынасы бар. Бұл қорқыныштың қазіргі біздің тіліміде қолданып жүрген фобиядан айырмашылығы бар. Қорқыныштың өзін көптеген түрлерге бөлуге болады. Мысалы, Алладан, ақырет күнінен қорқу секілді мақталған, діни тұрғыдан қажеттті қорқыныш. Екінші, кезекте серік қосуға апаратын және құлшылықтарды тастауға себеп болатын датталған қорқыныш. Үшінші, діни сенімге қатысы жоқ табиғи қорқыныш сезімі.
Қорқыныш – кез келген адамның бойында кездесетін туабітті ерекшеліктердің бірі. Мұны жоққа шығарудың ешқандай мәнісі жоқ. Адам баласы жыланнан, шаяннан, қасқырдан, отттан, дұшпаннан т.б. дүниедегі нәрселерден қорқады. Тіпті, имандылықтың ең жоғарғы шыңындағы пайғамбарлардың да кейбір нәрселерден қорыққандықтары мәлім. Әрине, бұл олардың періште емес, адам екендіктерінің табиғи нәтижесі. Мәселен, Құран кәрімде кейбір пайғамбарлардың өлтірілуден, кейбіреулерінің жыланнан қорыққандықтары келтірілген. Бұл адам бойындағы табиғи сезім әрі күнәлі іс емес. Сондықтан, бұл пайғамбалардың абыройларына ешқандай да нұқсандық келтірмейді.
Жаратқан Иеміздің адам бойына берген қасиеттердің бәрінің екі қыры болады. Егер, ол қасиеттерді дұрыс қолданса ол адамға абырой әкеледі егер жаман жолға пайдаланса масқара етеді. Атом бомбасын адам игілігіне де зиянына да қолдануға болатыны секілді. Бала-шаға, дүние-мүлік, денсаулық, дос-жаран т.б. секілді дүниелік нәрселерді жоғалтып алу мәселелері адам бойында қорқыныш тудырады. Алайда, бұл адам бойындағы қорқыныш сезімі оның күнделікті тұрмыстағы өмір сүруіне кедергі келтіріп, бәр нәрседен қорқа беретін болса әрине, бұл табиғи қорқыныш емес. Мұндай адамдар салиқалы ойлау қабілетін жоғалтып алып, әрдайым уайым-қайғы, қорқыныш-үреймен өмір сүреді. Өмірге оң көзбен қарай алмайды. Әрине, бұл имандыларға дұшпан болғандар үшін оларды хақтан тайдыру мақсатында таптырмас құрал.
Қорыта айтар болсақ, Құранда, Пайғамбар сүннеті мен ислам ғұламаларының назарында қорқыныш адамды жамандықтан алшақтатып, жақсылыққа жетелейді. Сондықтан, қорқуға қатысты айтылған аят-хадистердің бәрін осы тұрғыдан алып қарау керек. Ал адам бойындағы табиғи қорқыныш сезімі дұрыс жолда қолданылса, оның діни тұрғыдан ешқандай зияны жоқ.
Алау ӘДІЛБАЕВ,
теология ғылымының докторы
[1] Әли Имран, 175
[2] Бақара, 40
[3] «Ағраф» сүресі, 154-аят.
[4] «Бәиинә» сүресі, 8-аят.
[5] Хужурат, 13
[6] Тирмизи, Зуһд,8; Насаи, Жиһад, 8
[7] Бухари, Бабус-садақа бил-иамин. Муслим, Бабу ихфаус-садақа.
[8] Ғазали, Ихя, 4/1, 297-298 б.